АСТАНА. KAZINFORM - Катарда өтіп жатқан футболдан Азия кубогында 16 қаңтарда, бесінші ойын күнінде Оңтүстік Корея құрамасы Бахрейннен басым түсті.
16 қаңтарда F тобында Таиланд пен Қырғызстан, Сауд Арабиясы мен Оман шеберлік байқасты.
Алғашқы кездесуінде қырғызстандық футболшылар сәтсіз ойнады. Олар Таиланд құрамасына 0:2 есебімен жеңіліп қалды.
Аталған топтағы тағы бір кездесуде Сауд Арабиясы құрамасы Оманды 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Ойын барысында омандықтар алғашқы кезеңде есеп ашқан еді. Оған Сауд Арабиясы келесі кезеңде екі голмен жауап қайырды.
Енді 21 қаңтарда Қырғызстан Сауд Арабиясымен кездессе, Оман мен Таиланд шеберлік байқасады.
Бүгін, 17 қаңтарда А тобында Тәжікстан мен Қатар, Ливан мен Қытай жасыл алаңға шығады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Оңтүстік Корея құрамасы Бахрейнді жеңді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.