Футболдан Азия кубогы: Ширек финалға шыққан барлық құрама анықталды
ДОХА. KAZINFORM - Қатарда өтіп жатқан футболдан Азия кубогы ширек финалына шыққан барлық құрама белгілі болды.
Жарыстың аталған сатысында Австралия, Тәжікстан, Иордания, Қатар, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Жапония, Иран құрамалары жолдама алды.
31 қаңтарда ширек финалға берілетін соңғы екі жолдаманы Бахрейн мен Жапония, Иран мен Сирия құрамалары сарапқа салды.
Бұл күнгі Бахрейн мен Жапония кездесуінде ойын басынан қай құраманың басым екені байқалып тұрды. Жапониялық футболшылар сапынан Рицу Доан 31, Такефуса Кубо 49, Аясэ Уэда 72-минутта мергендік танытты.
Ойынның 64-минутында жапониялық Дзион Судзуки өзінің қақпасына гол соғып алды.
Осылайша Жапония қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсіп, ширек финалға жолдама алды.
Тағы бір ойында Иран мен Сирия негізгі және қосымша кезеңде 1:1 есебімен тең түсіп, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды.
1/4 финалда құрамалар төмендегіше жұп құрады:
2 ақпан
Тәжікстан - Иордания
Австралия - Оңтүстік Корея
3 ақпан
Қатар - Өзбекстан
Иран - Жапония
Еске салсақ, бұдан бұрын Азия кубогында Өзбекстан құрамасы ширек финалға шықты.