Футболдан Бельгия құрамасының бас бапкері тағайындалды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Бельгия құрамасының бас бапкері тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл қызметке неміс маманы Доменико Тедеско келді. Ол аталған қызметті 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу және финалдық сатысы біткенше атқара алады. Жоғары нәтижеге қол жеткізген жағдайда ол құраманы 2026 жылғы әлем чемпионатына да дайындай алады.

Доменико Тедеско 1985 жылы дүниеге келген. Германия чемпионатында төменгі лигалардағы командаларда ойын көрсетті. 2008 жылы бапкерлікке бет бұрып, Германияның көптеген клубтарында еңбек етті.

2019-2021 жылдар аралығында Реесйдің «Спартак» (Мәскеу) клубында қызмет атқарса, 2021-2022 жылдарда Германияның «РБ Лейпциг» клубында жетекшілік етті.

Бельгия құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысында F тобында сынға түседі.

Бұған дейін Бельгия құрамасында 2016-2022 жылдарда еңбек еткен Роберто Мартинес Қатарда өткен әлем чемпионатынан кейін қызметінен кетті.

Еске салсақ, бұдан бұрын Аргентина бастаған төрт мемлекет 2030 жылғы әлем чемпионатын өткізуге өтінім берді.


Фото: ГОЛУБОВИЧ ДМИТРИЙ, «ЧЕМПИОНАТ»


Соңғы жаңалықтар