Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел біріншілігі басталады

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел біріншілігінің алғашқы туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ел біріншілігіне биыл барлығы 15 команда қатысады. Олардың қатарында «Оңтүстік академиясы» (Шымкент), «Жеңіс», (Астана), «Қайрат-Жастар» (Алматы), «Екібастұз» (Павлодар облысы), «Ақжайық» (Орал), «Елімай» (Семей), «Тараз» (Жамбыл облысы), «Тұран» (Түркістан), «Арыс» (Түркістан облысы), «Хан тәңірі» (Алматы), «Жас Қыран» (Алматы), «Turkistan» (Түркістан), «Астана жастары» (Алматы), «Ақтөбе жастары» (Ақтөбе) командалары бар.

Бірінші тур ойындары 6 және 7 сәуір күндеріне белгіленген.

Алғашқы турда 6 сәуірде «Оңтүстік академиясы» мен «Жеңіс», «Қайрат-Жастар» мен «Екібастұз», «Ақжайық» пен «Елімай» шеберлік байқасады.

Ал 7 сәуірде «Тараз» бен «Тұран», «Арыс» пен «Хан тәңірі», «Жас Қыран» мен «Turkistan», «Астана жастары» мен «Ақтөбе жастары» кездеседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Астана» елордада «Ордабасыдан» басым түсті.