АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 4-туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл турда көш басында келе жатқан командалар сүрінген жоқ. Семейдің «Елімай» клубы өз алаңында «Таразды» 1:0 есебімен жеңсе, «Тұран» сырт алаңда «Ақтөбе-жастардан» 6:1 есебімен басым түсті.
Аталған турда «Екібастұз» (Павлодар облысы) бен «Жас Қыран» (Алматы) 2:2 есебімен тең ойнаса, «Хан тәңірі» (Алматы) «Астана жастарды» 4:0, «Қыран» (Шымкент) «Қайрат жастарды» 4:3, «Жеңіс» (Астана) «Ақжайықты» (Орал) 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Ал «Оңтүстік Академиясы» (Шымкент) «Арыс» (Түркістан облысы) командасына 2:5 есебімен жол берді.
Енді бесінші тур ойындары 4 және 5 мамыр күндері өткізіледі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.