Футболдан бірінші лигада «Елімай» «Тұраннан» басым түсті
Бұл турдағы басты ойын түркістандық «Тұран» мен Семейдің «Елімай» командалары арасында өтті.
Командалар алдында Премьер-лига оралу міндеті тұр. Алғашқысы былтыр үздіктер қатарында ойнаса, екіншісі көп жылдық үзілістен кейін мықтылар қатарына қосылуды көздеп отыр.
Ойын барысында семейлік командадан Максим Житнев 20, Бека Кавтарадзе 57-минутта мергендік танытса, оған «Тұран» футболшысы Виталий Балашов 96-минутта бір голмен жауап қайырды.
Аталған турдағы өзге ойын нәтижелері төмендегіше: «Қайрат жастар» (Алматы) - «Оңтүстік академиясы» (Шымкент) 1:1 «Түркістан» - «Ақтөбе жастар» 5:0, «Жас Қыран» (Алматы) - «Хан Тәңірі» (Алматы) 2:0 «Ақжайық» (Орал) - «Қыран» (Шымкент) 10:2 «Тараз» - «Екібастұз» (Павлодар облысы) 1:2 «Астана-2» - «Жеңіс» (Астана) 2:3.
Енді 6-тур ойындары 9 және 10 мамыр күндері өткізіледі.