ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Футболдан бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің он бірінші турының алдын-ала екі ойыны өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алғашқы кездесуде «Қайсар» Қызылордада осы қаланың «Байқоңыр» командасымен бақ сынасты. Турнир кестесінде «Қайсар» бірінші орында келе жатса, «Байқоңыр» соңғы орынды місе тұтты.
Бүгінгі ойында «Қайсар» сапынан Елжас Алтынбеков (5-минут), Кирилл Сидоренко (11-минут), Дидар Жалмұқан (73-минут), Адама Диалло (81, 90-минуттар) мергендік танытты. Нәтижесінде олар қарсыласын 5:0 есебімен тізе бүктірді. Бұл - «Қайсардың» биылғы доп додасындағы жетінші жеңісі.
Тағы бір кездесуде Талдықорғанның «Жетісуы» өз алаңында Шымкенттің «Оңтүстік Академия» клубына 2:3 есебімен жол берді.
Аталған турдағы қалған ойындар 9 шілдеге белгіленген.
Енді 8-тур ойындары 18-19 маусым күндері өтеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Қазақстан кубогы ойындарының кестесі жарияланды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.