Футболдан бірінші лигада «Тараз» «Тұранға» есе жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел біріншілігінің алғашқы туры аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірінші тур ойындары 6 және 7 сәуір күндері өткізілді.

Аталған турдағы негізгі кездесудің бірі «Тараз» (Жамбыл облысы) және «Тұран» (Түркістан) командалары арасында болды. Былтыр екі команда да Премьер-лигада ойын көрсетті. Кездесуде түркістандық клуб 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Бүгін, 7 сәуірде «Арыс» (Түркістан облысы) өз алаңында «Хан тәңірі» (Алматы) командасынан 1:3, «Жас Қыран» (Алматы) «Turkistan» (Түркістан), «Астана жастары» «Ақтөбе жастарынан» 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Ал 6 сәуірде «Оңтүстік академиясы» (Шымкент) «Жеңіс» (Астана) командасынан 1:3, «Қайрат-Жастар» (Алматы) «Екібастұз» (Павлодар облысы) клубын 5:2 есебімен тізе бүктірді.

Сондай-ақ, «Ақжайық» (Орал) пен «Елімай» (Семей) 1:1 есебімен қанағат білдірді.

Енді екінші тур ойындары 13 және 14 сәуір күндері өткізіледі.