Би-Би-Си агенттігінің хабарлауынша, Феликс 75 жасқа қараған шағында Сан-Паулу клиникаларының бірінде көз жұмды. "Флуминенсе" командасының аңызға айналған қақпашысы өкпе эфиземиясы сырқатынан ауруханаға түскен болатын.
Ол 38 жасқа дейін команданың үздік қақпашысы болды. Рио-де Жанейро штатының чемпионатында ол бес рет жеңіс әперген "Флуминенседен", басқа "Португеза", "Насьональ" және "Жувентус" (Сан-Паулу) клубтарының ойыншысы болды. Одан кейін жаттықтырушы мансабында "Флуминенсе", "Мадурейрой" және "Ботафого" командаларымен жұмысын жалғастырды.
Оның басты жеңісі 1970 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы болуы еді. Оның командадағы әріптестері Карлос Алберто, Пеле, Ревелино, Жиарзинью сияқты ұлы футболшылар болды.