Футболдан бірінші лигада «Елімай» 23 мәрте жеңіске жетті
Футболдан бірінші лига командалары арасында ел чемпионатының 26-турында семейлік «Елімай» Түркістан облысының «Арыс» командасынан басым түсті, деп хабарлайды Kazinform.
Семейлік клуб биылғы доп додасы барысында сәтті ойын көрсетті.
Қазірге дейін небәрі үш мәрте тең нәтижеге қанағат білдірсе, қалғанында жеңіске жетті.
Семейлік футболшылар аталған турда «Арыс» клубынан 3:0 есебімен басым түсті.
Бұл — олардың доп додасындағы 23 жеңісі.
Нәтижесінде доп додасында Премьер-лигаға бірінші орынмен шығатын болды.
Аталған турда «Тараз» «Жас қыранды» 2:0 есебімен жеңсе, «Хан тәңірі» «Қыранға» 0:3, «Ақтөбе-2» «Қайрат-2» клубына 2:4 есебімен есе жіберді.
Ал 19 қазанда «Тұран» «Астана-2» командасын 8:0, «Екібастұз» «Оңтүстік академиясын» 2:1 есебімен жеңсе, «Ақжайық» «Түркістанды» 1:0 есебімен қапы қалдырды.
Енді алдағы тур ойындары 24 және 25 қазан күндері өткізіледі.