Футболдан бірінші лига командалары арасында ел чемпионатының 26-турында семейлік «Елімай» Түркістан облысының «Арыс» командасынан басым түсті, деп хабарлайды Kazinform .
Семейлік клуб биылғы доп додасы барысында сәтті ойын көрсетті.
Қазірге дейін небәрі үш мәрте тең нәтижеге қанағат білдірсе, қалғанында жеңіске жетті.
Семейлік футболшылар аталған турда «Арыс» клубынан 3:0 есебімен басым түсті.
Бұл — олардың доп додасындағы 23 жеңісі.
Нәтижесінде доп додасында Премьер-лигаға бірінші орынмен шығатын болды.
Аталған турда «Тараз» «Жас қыранды» 2:0 есебімен жеңсе, «Хан тәңірі» «Қыранға» 0:3, «Ақтөбе-2» «Қайрат-2» клубына 2:4 есебімен есе жіберді.
Ал 19 қазанда «Тұран» «Астана-2» командасын 8:0, «Екібастұз» «Оңтүстік академиясын» 2:1 есебімен жеңсе, «Ақжайық» «Түркістанды» 1:0 есебімен қапы қалдырды.
Енді алдағы тур ойындары 24 және 25 қазан күндері өткізіледі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.