Футболдан бірінші лигада «Каспий» бірінші орынға көтерілді
АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының 6-турының алғашқы ойын күні аяқталды.
15 наурызда ақтаулық «Каспий» өз алаңында «Түркістан» командасын қабылдады. Кездесу барысында ақтаулық командадан Бауыржан Байтана 25, Мирас Тұрлыбек 45, 68, Нұрғайни Бөрібаев 71-минутта төрт гол соқты.
Осылайша «Каспий» қарсыласынан 4:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 15 ұпаймен бірінші орынға көтерілді.
Өткен турда ақтаулық клуб өз алаңында «Алтайға» (1:2) есе жіберіп қойған еді.
Сондай-ақ бүгін алматылық AKAS өз алаңында «Екібастұзды» 2:0 есебімен жеңсе, Түркістан облысының «Жетісайы» мен Павлодардың «Ертісі» 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Енді 16 наурызда «Алтай» (Өскемен) мен «Қайрат-2» (Алматы), «Академия Оңтүстік» (Шымкент) пен «Хан тәңірі» (Алматы), «Тараз» бен «SD Family» (Алматы), «Шахтер» (Қарағанды) мен «Ақтөбе-2» кездеседі.
Еске салсақ, «Астана» мен «Қайрат» футболдан Қазақстан кубогындағы жорығын ширек финалда аяқтады.