АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Бірінші лигада ХХІІ турының алғашқы ойын күні өтті.Аталған турда 18 қыркүйекте «Ақтөбе-2» өз алаңында «Тараздан» 0:4, Павлодар облысының «Екібастұзы» ақтаулық «Каспийге» 1:1 есебімен жеңілсе, «Хан тәңірі» (Алматы) мен «SD Family» (Астана), AKAS (Алматы) пен «Алтай» (Өскемен) 1:1 есебімен тең түсті.
Ал 19 қыркүйекте «Қайрат-2» (Алматы) мен «Академия Оңтүстік» (Шымкент), «Шахтер» (Қарағанды) мен «Жетісай» (Түркістан облысы), «Ертіс» (Павлодар) пен «Түркістан» ойнайды.
Турнир кестесінде алғашқы үш орынға ие болған командалар алдағы жылы Премьер-лигаға қатысу үшін тікелей жолдамаға қол жеткізеді.
Биыл «Шахтер», «Ертіс», «Каспий» командалары үздіктер қатарында болады деп болжанып отыр.
Жиырма бір турдан кейін «Каспий», «Ертіс», «Шахтер», «Алтай» командалары алғашқы орындарды өзара бөлісіп тұр.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.