АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің XIІІ турында ақтаулық «Каспий» көш басына шықты.
Ақтаулық команда аталған турда өз алаңында «Түркістан» командасын қабылдады.
Кездесу барысында олардың қатарынан Дамир Марат 61, Арман Нүсіп 83-минутта мергендік танытты.
Осылайша «Каспий» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, қайтадан турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.
Сондай-ақ өз алаңында Оралдың «Ақжайығы» Көкшетаудың «Оқжетпесіне» 0:2 есебімен есе жіберсе, «Қайрат-2» Павлодар облысының «Екібастұзын» 3:0,
«Тараз» «Ақтөбе-2» командасын 2:0 есебімен жеңді.
Енді 28 маусымда «Түркістан» облысының «Арысы» «Ұлытауды», Шығыс Қазақстан облысының «Алтайы» Түркістан облысының «Жетісайын», астаналық «»SD Family» алматылық «Хан Тәңірін» қабылдайды.
Еске салсақ, Педро Эуженио «Тобыл» футбол командасы құрамына қосылды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.