Футболдан бірінші лигада «Шахтер» екінші орынға көтерілді

Фото: Фото: «Шахтер» футбол клубы

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының 6-туры мәресіне жетті.

Аталған турдың екінші ойын күні, 16 наурызда қарағандылық «Шахтер» мен «Ақтөбе-2» кездесті.

Былтыр Премьер-лигадан түсіп қалған қарағандылық клуб биыл қайтадан үздіктер қатарынан көрінуге ұмтылады. Сондықтан әрбір ойында жеңіске жету жолын іздеп келеді. Десе де, соңғы екі турда олар тең нәтижеге қанағат білдірді. Осыған байланысты қарағандылық футболшылар бүгінгі ойында алғашқы минуттан тізгінді өз қолында алуға тырысты.

Осылайша олар қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді.

Сондай-ақ өскемендік «Алтай» қатарынан екінші мәрте жеңіске жетіп, жағдайын жақсарта түсті. Бұл жолы алматылық «Қайрат-2» клубын 2:0 есебімен жеңді.

Ойын нәтижесі

16 наурызда

«Алтай» (Өскемен) - «Қайрат-2» (Алматы) 2:0

«Академия Оңтүстік» (Шымкент) - «Хан тәңірі» (Алматы) 4:2 «Тараз» - «SD Family» (Алматы) 1:1

«Шахтер» (Қарағанды) - «Ақтөбе-2» 3:1

15 наурыз

«Каспий» (Ақтау) - «Түркістан» 4:0

AKAS (Алматы) - «Екібастұз» 2:0

«Жетісай» (Түркістан облысы) - «Ертіс» (Павлодар) 1:1.

Алдағы тур ойындары 22 және 23 мамыр күндері өткізіледі.