Әзірге мұндай мүмкіндікке елордалық «Жеңіс» пен оралдық «Ақжайық» ие болып отыр.
Соңғы турда «Жеңіс» сырт алаңда Шымкенттің «Қыран» командасымен шеберлік байқасты. Кездесу барысында алаң иелері қатарынан Айдын Өксікбаев 35-минутта есеп ашса, елордалық клубтан Тамаз Макацария 45-минутта таразы басын теңестірді.
Осылайша командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Ал «Ақжайық» өз алаңында «Ақтөбе-2» командасын 3:1 есебімен тізе бүктірді.
Ойын барысында алаң иелерінен Бауыржан Омаров 45, Мирам Сапанов 63, Николай Агапов 72-минутта мергендік танытса, ақтөбелік Аян Байдәулетов 74-минутта есеп айырмасын қасқартты.
Бұл турда «Астана-2» «Түркістаннан» 2:5, «Жас Қыран» «Тұран» 1:2 есебімен жеңілсе, «Арыс» пен «Екібастұз» 1:1 есебімен тең түсті.
Енді 25 қазанда «Оңтүстік академиясы» мен «Хан тәңірі», «Қайрат-Жастар» мен «Елімай» командалары кездеседі.
Еске салсақ, Қазақстан Премьер-лигасы 25-турының үздік ойыншылары мен жаттықтырушылары анықталды.