Түркістан облысының намысын қорғап жүрген клуб биыл екінші лигадан шыққан еді. Соған қарамастан доп додасында жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Қазірге дейін алты ойынның төртеуінде жеңіске жетіп, біреуінде тең түссе, біреуінде қарсыласына есе жіберді.
Орал қаласының «Ақжайығы» - тәжірибелі футболшылармен толыққан ұжым. Соған қарамастан биыл небәрі бір мәрте жеңіске жетіп, турнир кестесінде соңғы орындардың бірін місе тұтып тұрған жайы бар.
Кездесу барысында «Жетісай» жақсы ойын өрнегін көрсетті. Нәтижесінде қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті. Аталған жеңістен кейін турнир кестесінде 16 ұпаймен екінші орынға көтерілді.
Дәл осындай ұпаймен бірінші орында тұрған Ақтаудың «Каспийі» өз алаңында Қызылорданың «Қайсар-2» командасын 3:1 есебімен тізе бүктірді.
Сондай-ақ, сырт алаңда «SD Family» «Ақтөбе-2» клубын 4:1, «Ұлытау» «Таразды» 2:1 есебімен жеңді.
Ал «Хан тәңірі» «Түркістаннан» 4:0 есебімен басым түссе, «Екібастұз» бен «Тараз» 0:0 есебіне қанағат білдірді.
Енді 17 мамырда «Арыс» пен «Оқжетпес», «Қайрат-2» мен «Қыран» ойнайды.
Еске салсақ, ертең футболдан QFL Әйелдер лигасының ойындары басталады.