Футболдан бірінші лигада «Жетісай» қатарынан төртінше мәрте жеңіске жетті
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінде бесінші турдың алғашқы ойын күні аяқталды.
Бұл турда Түркістан облысының «Жетісай» командасы өз алаңында «Түркістан» клубын 5:2 есебімен тізе бүктірді.
Екінші лигадан биыл бірінші лигаға қосылған ұжым қатарынан төртінші мәрте жеңіске жетіп отыр. Алғашқы турда алматылық «Хан тәңіріне» есе жіберген команда одан кейін «Оқжетпес», «Ұлытау», «Қыран» клубтарын тізе бүктірді.
Осылайша команда қазір турнир кестесінде бірінші орында келеді.
Айта кетсек, бүгінге жоспарланған «SD Family» мен «Қыран» кездесуі өткен жоқ. Қаржы мәселесіне байланысты «Қыран» елордаға келе алмады.
Сондай-ақ, бүгін «Қайсар-2» мен «Оқжетпес» 0:0 есебімен тең түссе, «Тараз» «Ақжайықтан» 3:1 есебімен басым түсті.
Ал 3 мамырда «Ұлытау» мен «Екібастұз», «Алтай» мен «Хан тәңірі», «Қайрат-2» мен «Каспий», «Арыс» пен «Ақтөбе-2» командалары кездеседі.
Еске салсақ, қазақстандық жартылай қорғаушы Айбол Әбікен «Ордабасы» футбол клубында ойын көрсетеді.