АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің XIV турында Түркістан облысының «Жетісайы» өз алаңында жеңіліп қалды.
Түркістандық команда өз алаңында Астананың «SD Family» клубына 2:3 есебімен есе жіберді. Кездесу барысында Ринат Серіқұл 2, Тимур Зуфтаров 16-минутта қанжығасын майласа, оған астаналық клубтан Самат Мәжит 4, Диас Үсейінов 72, Сұлтан Шымырхан 92-минутта үш голмен жауап қайырды.
Сондай-ақ 5 шілдедегі тағы бір кездесуде Павлодар облысының «Екібастұзы» өз алаңында Түркістан облысының «Арысын» 3:0 есебімен тізе бүктірді.
Айта кетсек, алматылық «Хан тәңірі» Қызылорданың «Қайсар-2» командасын 4:2, «Ұлытау» «Алтайды» 2:1 есебімен жеңсе, «Tүркістан» «Оқжетпеске» 0:2 есебімен есе жіберді.
Аталған турда 3 шілдеде «Каспий» «Ақтөбе-2» командасына 1:3, «Ақжайық» «Қайрат-2» клубына 2:3 есебімен жеңілді.c
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.