Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Kazinform.
Жарыстың аталған сатысында барлығы 16 команда ойнайды.
Жеребе нәтижесі бойынша еуропалық клубтар төмендегіше жұп құрады:
1/8 финал
«Порту» (Португалия) – «Арсенал» (Англия)
«Наполи» (Италия) – «Барселона» (Испания)
«ПСЖ» (Франция) – «Реал Сосьедад» (Испания)
«Интер» (Италия) – «Атлетико» (Испания)
ПСВ (Нидерланд) – «Боруссия Дортмунд» (Германия)
«Лацио» (Италия) – «Бавария» (Германия)
«Копенгаген» (Дания) – «Манчестер Сити» (Англия)
«РБ Лейпциг» (Германия) – «Реал Мадрид» (Испания)
Айта кетсек, 1/8 финалдың алғашқы ойындары 2024 жылдың 13, 14, 20 және 21 ақпан күндері өткізілсе, қарымта кездесу 5, 6, 12 және 13 наурызға белгіленген.
Финал Англия астанасы Лондон қаласындағы «Уэмбли» стадионында 1 маусымда болады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.