Футболдан Чемпиондар лигасы: «Астана» румын клубынан жеңіліп жатыр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Астана» футболдан UEFA Чемпиондар лигасы бірінші кезеңі аясында сырт алаңда Румынияның ЧФР командасымен қарымта кездесу өткізіп жатыр. Қазіргі сәтте ойынның бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астананың» бас бапкері Роман Григорчук алғашқы минуттанНенад Эрич, Антонио Рукавина, Евгений Постников, Лука Шимунович, АбзалБейсебеков, Юрий Логвиненко, Иван Маевский, Рунар Мар Сигурьонссон, МаринТомасов, Роман Муртазаев, Дорин Ротариу сынды шәкірттеріне сенім білдірді.

Ал ЧФР командасының бас бапкері Дан Петреску оларға ГедрюсАрлаускис, Камора, Андрей Буркэ, Пауло Винисиус, Матео Сушич, Михай Бордеяну,Хуан Кулио, Дамьян Джокович, Билель Омрани, Чиприан Дяк, Мариу Рондонды қарсықойды.

Ойын қарқынды басталды. Алаң иелері біздің қақпаға лап қойды. Дегенмен есепті біздің ойыншыларашты. Оны 4-минутта Роман Муртазаев орындады.

Бұдан кейін румын футболшылары гол соғуға алға ұмтылды.Нәтижесінде 10-минутта Билель Омрани оң қанаттан әуелете берілген допты біздіңқақпаға соғып кетті. Ал 26-минутта Билель Омранидің тепкен добы жолай ЕвгенийПостниковтың аяғына тиіп,біздің қақпаға енді. Бірінші кезеңнің соңына таман қарсыластар тағы бір гол салды. Оны төрешілер румын футболшысыныңойыннан тыс қалуына байланысты есепке алған жоқ.

Естеріңізге сала кетелік, екі команда арасындағы алғашқыкездесу елордада өткізілді. Бұл ойында «Астана» 1:0 есебімен басымтүскен болатын. Дәл қазіргі есеп бойынша «Астана» жарыстың келесі сатысынашығуына мүмкіндік бар. Бұл жұптың жеңімпазы 23 және 30 шілде күндері Израильдің«Маккаби» (Тель-Авив) командасымен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар