Футболдан Чемпиондар лигасы: «Астана» жарысты жалғастыра алмайды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Астана» футболдан UEFA Чемпиондар лигасы додасынан шығып қалды. Олар бүгін сырт алаңда Румынияның ЧФР командасына 1:3 есебімен жол берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойынның біріншікезеңі қарсылас команданың басымдығымен аяқталғанболатын.

Екінші кезеңніңалғашқы минутынан румын ойыншылары біздің команданы тықсыра бастады. Кездесудің50-минутына дейін олардың гол соғатын бірнеше мүмкіндігі болды. Десе де оныалаң иелері тиімді пайдалана алған жоқ.

Ал 73-минутта Билель Омрани тағы бір гол соғып кетті. ТаблодаЧФР командасының пайдасына 3:1 есебі жанып тұрды. Ойынның соңында «Астана» шабуылшысы Рангело Янгагол соғатын мүмкіндікті мүлт жіберіп алды.

Кездесуде ЧФР командасы «Астананы» 3:1 есебімен жеңіп кетті.Нәтижесінде жарыстың келесі сатысына румын командасы жолдама алды. Енді олар 23және 30 шілде күндері Израильдің «Маккаби» (Тель-Авив) командасымен кездеседі.

Енді «Астана»UEFA Еуропа лигасында сынға түседі. Елордалық клуб аталмыш турнирдің екіншііріктеу кезеңінде Андорраның «Санта-Колома» командасымен ойнайды. Ойындар 23шілде және 1 тамыз күндері болады.

Естеріңізге салакетелік, екі команда арасындағы алғашқы кездесу елордада өткізілді. Бұлойында «Астана» 1:0 есебімен басымтүскен болатын.

«Астана» айтулыаламанға биыл бесінші жыл қатарынан қатысты. Бұдан бұрынғы жылдарда бірмәрте УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде С тобында сынға түсті. Қалғанжылдарда аталмыш турнирдің үшінші және плей-офф кезеңдерінде сүрініп,нәтижесінде УЕФА Еуропа лигасы топтық кезеңінде бақ сынады.

Алғашқы үш жылдаболгар маманы Станимир Стоилов командаға бапкерлік жасаса, былтыр оныжергілікті бапкер Григорий Бабаян атқарды.

Сондай-ақ, 18 шілдеде қазақстандық үш клуб UEFA Еуропалигасы бірінші іріктеу кезеңіндегі қарымта кездесу ойындарын өткізеді. Өзалаңында Нұр-Сұлтан уақытымен 18.00-де Қостанайдың «Тобылы» Люксембургтің «Женесс Эш», 20.30-даАлматының «Қайраты» Босния және Герцоговинаның «Широки Бриег» клубын қабылдаса,сырт алаңда 23.00-де Шымкенттің «Ордабасы» клубы Грузияның «Торпедо» (Кутаиси)командасымен шеберлік байқасады.





Фото: fcastana.kz

Соңғы жаңалықтар