Футболдан Чемпиондар лигасы: «Челси» қатарынан үшінші мәрте жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің бесінші турының алғашқы ойын күні өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

25 қазанда E, F, G, H тобындағы командалар жасыл алаңға шықты.

Бұл күні Англияның «Челси» командасы сырт алаңда Австрияның «Ред Булл Зальцбург» клубымен кездесті.

Кездесу барысында ағылшындық клубтан Матео Ковачевич 23-минутта есеп ашса, 48-минутта алаң иелерінен Чуквубуйке Адаму таразы басын теңестірді.

Ойынның 64-минутында Кай Хаверц соққан гол «Челсиге» жеңіс алып келді.

Осылайша англиялық клуб қарсыласын 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Аталған турдағы барлық ойын нәтижелері төмендегіше:

E тобы: «Ред Булл Зальцбург» (Австрия) - «Челси» (Англия) 1:2, «Динамо Загреб» ({Хорватия) - «Милан» (Италия) 0:4

F тобы: «Селтик» (Шотландия) - «Шахтер Донецк» (Украина) 1:1, «Лейпциг» (Германия) - «Реал Мадрид» (Испания) 3:2

G тобы: «Севилья» (Испания) - «Копенгаген» (Дания) 3:0, «Боруссия Дортмунд» (Германия) - «Манчестер Сити» (Англия) 0:0

H тобы: «Бенфика» (Португалия) - «Ювентус» (Италия) 4:3, «Пари Сен-Жермен» (Франция) - «Маккаби Хайфа» (Израиль) 7:2

Енді 26 қазанда қалған төрт топта бесінші тур ойындары өткізіледі.

Еске салсақ, Карим Бензема 2022 жылғы «Алтын доп» иегері атанды.