АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық жанкүйерлер футболдан UEFA Чемпиондар лигасы финалындағы «Манчестер Сити» және «Интер» кездесуін қай телеарнадан көре алатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кездесу маусым айының 10-нан 11-не қараған түні Түркияның Ыстанбұл қаласында 00:50-де басталады.
Ойынды еліміз бойынша «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көруге болады.
Екі команда бұған дейін ресми ойындарда кездесіп көрмеген.
Ағылшындық клуб өз тарихында 2021 жылы тұңғыш мәрте финалға шыққан. Дегенмен, қарсыласына есе жіберіп, бас жүлдесіз қалды.
Айта кетсек, «Интер» жарыстың аталған сатысына 13 жылдан кейін жолдама алып отыр. 2010 жылы бұл клуб аталған турнирдің жеңімпазы атанған еді. Команда 1964, 1965, 2010 жылдарда аталған турнирде жеңімпаз атанса, 1967, 1972 жылдарда финалда қарсыласына есе жіберіп қойды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.