Бұл күні F тобындағы Англияның «Манчестер Юнайтед» клубы сырт алаңда Италияның «Аталантасымен» 2:2 есебімен тең түсті. Ойын барысында италиялық клубтан Йосип Иличич 12, Дуван Сапата 56-минутта соққан екі голына ағылшындық команда сапынан Криштиану Роналду 45, 90-минутта қос голмен жауап қайырды.
Аталған топта «Вильярреал» (Испания) клубы «Янг Бойз» (Швейцария) командасын 2:0 есебімен тізе бүктірді.
2 қарашадағы өзге ойын нәтижелері төмендегіше:
E тобы: «Бавария» (Германия) - «Вильярреал» (Португалия) 5:2
«Динамо Киев» (Украина) - «Барселона» (Испания) 0:1
G тобы: «Вольфсбург» (Германия) - «Зальцбург» (Австрия) 2:1
«Севилья» (Испания) - «Лилль» (Франция) 1:2
H тобы: «Мальме» (Швеция) - «Челси» (Англия) 0:1
«Ювентус» (Италия) - «Зенит» (Ресей) 4:2
Бүгін, 3 қарашада А,В,С, D топтарындағы ойындар өткізіледі.