НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 12 сәуірде футболдан UEFA Чемпиондар лигасы 1/4 финалында қарымта ойындар басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ширек финалдың қарымта ойындары 12-13 сәуір күндеріне белгіленген. Ойындар елорда уақытымен 00.50-де өткізіледі.
Алдымен 12 сәуірде Германияның «Бавария» және Испанияның «Вильярреал» командалары кездеседі.
Алғашқы ойында испаниялық команда 1:0 есебімен жеңіске жетті .
Ойын «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Сондай-ақ, бұл күні Испанияның «Реал Мадрид» және Англияның «Челси» командалары шеберлік байқасады.
Ойын «Qazsport» телеарнасынан көрсетіледі.
Бірінші кездесу 3:1 есебімен испаниялық команда басымдығымен аяқталды.
Сондай-ақ, 13 cәуірде Испанияның «Атлетико Мадрид» және Англияның «Манчестер Юнайтед», Англияның «Ливерпуль» және Португалияның «Бенфика» командалары кездеседі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.