АСТАНА. ҚазАқпарат - UEFA Чемпиондар лигасы ширек финалының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жарыстың аталған сатысына «Манчестер Сити» (Англия), «Интер» (Италия), «Бавария» (Германия), «Милан» (Италия), «Бенфика» (Португалия), «Наполи» (Италия), «Реал Мадрид» (Испания) мен «Челси» (Англия) командалары ширек финалға жолдама алған еді.
Жеребе барысында командалар төмендегіше жұп құрады:
«Реал Мадрид» - «Челси»
«Интер» - «Бенфика»
«Манчестер Сити» - «Бавария»
«Наполи» - «Милан»
Енді 1/4 финал ойындары 1/4 финал ойындары 1-12, 18-19 сәуір күндеріне белгіленген. Ал жартылай финал 9-10, 16-17 мамыр күндері өткізіледі.
Финал 10 маусымда Түркияның Ыстанбұл қаласындағы Ататүрік атындағы Олимпиадалық стадионда болады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.