НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы жартылай финалындағы тағы бір ойын нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Екінші ойында «Ливерпуль» (Англия) және «Вильярреал» (Испания) шеберлік байқасты.
Кездесу барысында ағылшындық клубтың басымдығы байқалып тұрды. Нәтижесінде «Вильярреал» футболшысы Первис Эступиньян 53-минутта өзінің қақпасына гол соғып алса, 55-минутта «Ливерпуль» шабуылшысы Садио Маде есепті ұлғайтты.
Осылайша «Ливерпуль» қарсыласын 2:0 есебімен басым түсті.
Екі команда бұған дейін 2016 жылы Еуропа лигасы жартылай финалында кездесті. Алғашқы ойында «Вильярреал» 1:0 есебімен басым түссе, қарымта ойында «Ливерпуль» 3:0 есебімен сүріндірді.
Екі команданың қарымта ойыны 3 мамырға белгіленген.
Еске салсақ, жартылай финалда бүгін, 26 сәуірде «Манчестер Сити» (Англия) және «Реал Мадрид» (Испания) командалары кездесті.
Фото: eurosport.es
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.