Футболдан Чемпиондар лигасында «Реал Мадрид» украиналық клубпен тең түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің төртінші турының алғашқы ойын күні өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

11 қазанда E, F, G, H тобындағы командалар жасыл алаңға шықты.

Бұл күні Испанияның «Реал Мадрид» командасы сырт алаңда Украинаның «Шахтер Донецк» командасымен кездесті.

Ойын барысында испаниялық команда қарсыласынан жеңіліп қала жаздады. Ойынның 46-минутында донецкілік клубтан Александр Зубков есеп ашса, оған «Реал Мадрид» сапынан Антонио Родигер 95-минутта бір голмен жауап қайырды.

Осылайша екі команда 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Аталған турдағы барлық ойын нәтижесі төмендегіше:

E тобы: «Динамо Загреб» (Австрия) - «Ред Булл Зальцбург» (Австрия) 1:1, «Милан» (Италия) - «Челси» (Англия) 0:2

F тобы: «Селтик» (Шотландия) - «Лейпциг» (Германия) 0:2, «Шахтер Донецк» (Испания) - «Шахтер Донецк» (Украина) 1:1

G тобы: «Копенгаген» (Дания) - «Манчестер Сити» (Англия) 0:0, «Боруссия Дортмунд» (Германия) - «Севилья» (Испания) 1:1

H тобы: «Пари Сен-Жермен» (Португалия) - «Бенфика» (Франция) 1:1, «Маккаби Хайфа» (Израиль) - «Ювентус» (Италия) 2:0

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан футбол құрамасының Еуропа чемпионаты іріктеу сатысындағы ойын кестесі анықталды.


Фото: realmadrid.com