НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан биылғы UEFA Чемпиондар лигасы финалы өтетін орын өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жөнінде Еуропалық футбол қауымдастығы одағы (UEFA) мәлім етті. https://ru.uefa.com/
Финалдық ойын 29 мамырда Португалияның «Драгау» стадионында өткізіледі. Онда Англияның «Манчестер Сити» және «Челси» командалары шеберлік байқасады.
Айта кетерлігі, бұдан бұрын финал Түркияның «Ататүрік» стадионында болады деп жоспарланған еді. Дегенмен Англия футбол федерациясының басшылығы аталған елде коронавирус ахуалының күрделі болуына байланысты өтетін орынды өзгерту жөнінде ұсыныс білдірді. Оған балама ретінде турнирдегі соңғы кездесуді ағылшын жерінде ұйымдастыруға өтініш жасады.
UEFA басшылығы барлық жағдайды ескере отырып, финалды Португалия елінде ұйымдастыруға шешім қабылдады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.