Футболдан екінші лигада 24 команда сынға түседі

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан екінші лигада биыл еліміздің 16 өңірінен алғаш рет 24 команда қатысады. Командалар оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс аймақтары бойынша екі конференция бойынша сынға түседі.

Фото: pexels.com

Екінші лига ойындары 9 сәуір - 1 қазан аралығында өтеді. Оған еліміздің 16 өңірінен алғаш рет 24 команда қатысады. Командалар бірінші лигаға берілетін 2 жолдама үшін таласады.

Ел біріншілігінде алғаш рет «Талас» (Жамбыл облысы), «Ертіс» (Павлодар облысы), KazAST ( Алматы) пен «Алтай», «Жеңіс», «Қайсар-Шиелі», «SD Family» клубтарының жастары доп тебеді. Әр конференцияның жеңімпазы келесі маусымда бірінші лигада ойын көрсетуге мүмкіндік алады.

Еске салсақ, бүгін футболдан бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының бірінші турындағы алғашқы ойын күні өтті.