Футболдан Екінші лигада қанша команда бақ сынайды

Фото: Kffleague.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Екінші лигада сынға түсетін командалар саны белгілі болды.

Бұл жөнінде Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы мәлім етті.

Биыл екінші лигада барлығы 20 команда бақ сынайды. Олар Оңтүстік-Батыс, Солтүстік-Шығыс конференциясы бойынша шеберлік байқасады.

Оңтүстік-Батыс конфренциясында «Талас» (Жамбыл облысы), «Ордабасы-Ж» (Шымкент), «Қайсар-Ж» (Қызылорда), «Тараз-Ж», «Атырау-Ж», «Хромтау» (Ақтөбе облысы), «Тұран-Ж» (Түркістан), «Жас Қыран» (Алматы), «Қаршыға» (Алматы облысы), «Хан тәңірі-Ж» (Алматы) командалары сынға түседі.

Ал Солтүстік-Шығыс конференциясында «Шахтер-Ж» (Қарағанды), «Жетісу-Ж» (Талдықорған), «Ертіс-Ж» (Павлодар), «Оқжетпес-Ж» (Көкшетау), «Жеңіс-Ж» (Астана), «Қызылжар-Ж» (Петропавл), «Алтай-Ж» (Өскемен), «SD Family» (Астана), «Ұлытау-Ж» (Жезқазған), «Аңсат» (Павлодар) клубтары ойнайды.

Алғашқы тур ойындары 1-2 сәуір күндері өткізіледі.

Еске салсақ, биыл футболдан Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты 2 сәуірде басталып, 22 қазанда мәресіне жетеді