НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы биылғы ел біріншілігінің қашан басталатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жөнінде Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы мәлім етті.
Биыл ел біріншілігі 5 наурызда жалауын көтереді. Ол 6 наурызда мәресіне жетеді.
Алғашқы турда 5 наурызда «Каспий» (Ақтау) мен «Қызылжар», «Тұран» (Түркістан) мен «Тараз», «Атырау» мен «Ақсу» (Павлодар облысы), «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Шахтер» (Қарағанды), «Ордабасы» (Шымкент) мен «Мақтаарал» (Түркістан облысы) командалары кездеседі.
Еске салсақ, футболдан Қазақстан суперкубогы 2 наурызда елордада «Астана Арена» стадионында өткізіледі.
Суперкубокты қостанайлық «Тобыл» мен кубок иегері алматылық «Қайрат» сарапқа салады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.