АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 5 тамызда футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 21-тур ойындары өткізіліп жатыр. Петропавлда «Қызылжар» Павлодардың «Ертіс» командасынан 1:0 есебімен басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қызылжар» 20-турға дейін ең соңғы орында тұрған еді. Аталмыш жеңістен кейін олар жағдайын біршама жақсартып алды. Қазір олар турнир кестесінде тоғызыншы орынға көтерілді. Кездесу тағдырын шешкен допты Тимур Мульдинов 37-минутта соқты.
Кеше бұл турдағы үш ойын өткізілді. Өз алаңында Талдықорғанның «Жетісуы» Оралдың «Ақжайығымен», Ақтөбеде жергілікті «Ақтөбе» елордалық «Астанамен» 1:1 есебімен тең түссе, Атырауда жергілікті «Атырау» Қызылорданың «Қайсарын» 2:1 еесбімен тізе бүктірді. Сондай-ақ, бүгін осы турдағы екі ойын өткізіледі. Қарағандыда «Шахтер» мен «Қайрат», Қостанайда «Тобыл» мен «Ордабасы» кездеседі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.