Биылғы маусым отандық әйелдер футболы тарихындағы ең ауқымды әрі қызықты кезеңдердің бірі болмақ. Чемпионатқа 19 команда қатысып, лига екі конференцияға бөлінді. А конференциясында – 9 команда, В конференциясында – 10 команда ойнайды.
Командалар екі кезеңдік жүйе бойынша өзара кездесу өткізеді. Одан кейін әр конференциядан 1 және 2 орын алған клубтар жартылай финал мен финалда чемпиондық үшін таласады.
Бүгін, 28 сәуірде В конференция командалар өзара сайысқа түсті.
В конференциясы
28 сәуір
«Ертіс» (Павлодар) - «Жеңіс» (Астана) 0:3
«Алтай» (Өскемен) - «Қызылжар» (Петропавл) 3:3
«Тобыл» (Қостанай) - «Астана» 1:0
«Шахтер» (Қарағанды) - «Елімай» (Семей) 0:7.
27 сәуір
«Оқжетпес» (Көкшетау) - «Ақтөбе» 0:20.
Сондай-ақ 27 сәуірде А конференциясында төрт ойын өткізілген еді.
А конференциясы
«Жетісу» (Талдықорған) - «Қайрат» (Алматы) 1:4
«Ордабасы» (Шымкент) - «Ұлытау» (Жезқазған) 2:0
«Қайсар» (Қызылорда) - БИІК (Шымкент) 0:4
«Томирис-Тұран» (Түркістан) - «Атырау» 2:0.
Биыл ел біріншілігінде «Ақтөбе», БИІК, «Томирис-Тұран» клубтары жүлделі орындарға таласады деп күтіледі. Былтыр футболдан әйелдер лигасында «Ақтөбе» тұңғыш рет чемпион атанды.
Енді екінші тур ойындары 4 және 5 мамыр күндері өткізіледі.