Биылғы маусым отандық әйелдер футболы тарихындағы ең ауқымды әрі қызықты кезеңдердің бірі болмақ. Чемпионатқа 19 команда қатысып, лига екі конференцияға бөлінді.
А конференциясында - 9 команда, В конференциясында - 10 команда ойнайды.
Командалар екі кезеңдік жүйе бойынша өзара кездесу өткізеді. Одан кейін әр конференциядан 1 және 2 орын алған клубтар жартылай финал мен финалда чемпиондық үшін таласады.
Бүгін, 11 мамырда А конференциясында командалар өзара сайысқа түседі.
А конференциясы
16:00. «Каспий» (Ақтау) - «Ұлытау» (Жезқазған)
17:00. БИІК (Шымкент) - «Ордабасы» (Шымкент)
18:00. «Томирис-Тұран» (Түркістан) - «Жетісу» (Талдықорған)
19:00. «Қайсар» (Қызылорда) - «Қайрат» (Алматы)
12 мамыр
В конференциясы
14:00. «Оқжетпес» (Көкшетау) - «Қызылжар» (Петропавл)
15:00. «Ертіс» (Павлодар) - «Шахтер» (Қарағанды)
16:00. «Ақтөбе» - «Жеңіс» (Астана)
18:00. «Тобыл» (Қостанай) - «Алтай» (Өскемен)
19:00. «Астана» - «Елімай» (Семей).
Биыл ел біріншілігінде «Ақтөбе», БИІК, «Томирис-Тұран» клубтары жүлделі орындарға таласады деп күтіледі. Былтыр футболдан әйелдер лигасында «Ақтөбе» тұңғыш рет чемпион атанды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Футболдан әйелдер лигасында «Ақтөбе» тағы да ірі жеңіске жетті.