НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирус пандемиясына орай өткізу мерзімі 2021 жылға шегерілген футболдан Еуропа біріншілігі ЕВРО-2020 атауын сақтап қалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Естеріңізге сала кетелік, құрлықтық дода биылғы 12 маусым мен 12 шілде аралығына жоспарланған болатын. Әлемді дендеген қауіпті індетке байланысты ол келесі жылға ауыстырылды.
Бұл шешім Еуропа біріншілігінің 60 жылдығына орай қабылданып отыр. Алғашқы құрлықтық дода 1960 жылы өткізілген.
Аталмыш бәсекеде тұңғыш рет 24 құрама бақ сынайды. Сондай-ақ, дода алғаш рет 11 мемлекеттің 12 стадионында өткізіледі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.