Футболдан Еуропа чемпионатындағы Қазақстан қыздар құрамасының іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Фото: kff.kz/kk/news/26735

АСТАНА. KAZINFORM - Швейцарияның Ньон қаласында 2025/26 Еуропа чемпионатында Қазақстанның 17 және 19 жасқа дейінгі қыздар құрамаларының қарсыластары белгілі болды.

Жеребе нәтижесінде Қазақстан В лигасының алтыншы тобына түсті. Қарсыластары - Израиль, Латвия және Мальта.

Ал Қазақстан 17 жасқа дейінгі қыздар құрамасы В лигасының үшінші тобында Грузия, Босния және Герцеговина, Латвия құрамаларымен шеберлік байқасады.

Айта кетсек, өз тобында бірінші орын алған алты құрама және екінші орын алғандар арасынан ең үздігі (төртінші орын алғандарға қарсы ойындар есепке алынбайды) келесі іріктеу кезеңін А лигасында бастайды.

Айта кетсек, 17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Бішкек қаласында Қырғызстан құрамасымен екі жолдастық матч өткізді. Екі кездесу барысында олар қарсыласын 3:1, 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Ал 19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Оқу-жаттығу жиыны аясында үш бақылау матчы болды.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан жолдастық кездесуде Қазақстан құрамасы Беларуське есе жіберді.