Бұдан бұрын оған қатысатын 20 құрама белгілі болды. Қалған төрт құрама 12 қарашада өткен қосымша ойындар арқылы нақтыланды. Аталған ойындарда Венгрия Исландияны, Словакия Солтүстік Ирландияны 2:1 есебімен жеңді. Өз алаңында Грузия Солтүстік Македониядан 0:1 есебімен есе жіберді. Ал Шотландия және Сербия арасындағы кездесудің негізгі кезеңі 1:1 есебімен аяқталып, пенальтиден шотландиялық құраманың жолы болды.
Еуропа чемпионаты финалдық кезеңінде бақ сынайтын құрамалар төмендегіше топқа бөлінді.
А тобы: Италия, Түркия, Уэльс, Швейцария
В тобы: Бельгия, Ресей, Дания, Финляндия
С тобы: Украина, Нидерланды, Австрия, Солтүстік Македония
D тобы. Англия, Хорватия, Чехия, Шотландия
Е тобы: Испания, Швеция, Польша, Словакия
F тобы Германия, Португалия, Франция, Венгрия.
Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі 2020 жылдың 12 маусым-12 шілде аралығында өткізілуі тиіс болатын. Коронавирус инфекциясына байланысты ол 2021 жылға шегерілді. Ойындар Еуропаның 12 мемлекетіндегі стадиондарда болады.