Футболдан Еуропа чемпионаты: Италия Бельгияны жеңіп, жартылай финалға шықты
Екі құрама бұған дейін 22 мәрте кездесті. Оның 4-де Бельгия басым түсіп, 14-де Италия жеңсе, қалғанында тең есеп тіркелді.
Соңғы рет Бельгия Италияны 2015 жылдың 13 қарашасында жолдастық кездесуде 3:1 есебімен жеңген болатын.
Бельгия құрамасы аталған қарсыласына кеткен есесін бүгін қайтаруға тырысқан еді. Дегенмен оған италиялық футболшылар мүмкіндік берген жоқ.
Ойын басынан италиялықтар белсенділік танытты. Нәтижесінде 31-минутта Николо Барелла оларды алға шығарды. Ал 44-минутта Лоренцо Инсинье есепті үстемелей түсті.
Бірінші кезеңнің соңына таман 45-минутта Италия қақпасына белгіленген пенальтиді бельгиялық Ромелу Лукаку мүлт жіберген жоқ.
Кездесуде Италия қарсыласын 2:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Алдағы қарсыласы - Испаниямен 6 шілдеде кездеседі.
Испандықтар ширек финалда Швейцарияны жеңіп кетті.
Сондай-ақ, жарыстың аталған сатысында 3 шілдеде Чехия мен Дания, Украина мен Англия құрамалары кездеседі.
Жартылай финал ойындары 6 және 7 шілде күндері өтеді. Финал 11 шілдеге белгіленген.