НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінің кезекті ойынында Шотландияны қабылдайды , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ойын Алматы қаласындағы Орталық стадионда өткізіледі. Кездесуде молдовалық Дмитрий Мунтян бас төреші қызметін атқарады. Оған Влад Лифчу пен Вадим Виколь көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де - молдовалық Петр Стоянов.
Кездесу елорда уақытымен 17.00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Іріктеу турнирінде Қазақстан жастар құрамасы I тобында Бельгия, Дания, Шотландия және Түркиямен сынға түсуде.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан жастары Қырғызстан олиимпиадалық құрамасынан 2:0 есебімен басым түсті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.