Футболдан Еуропа лигасы 1/8 финалы басталады

Фото: UEFA.com

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін UEFA Еуропа лигасы 1/8 финалының алғашқы ойындары өтеді.

Жарыстың аталған сатысында барлығы он алты команда сынға түседі. Олардың қатарында «Ноттингем Форест» (Англия), «Болонья» (Италия), «Сельта» (Испания), «Штутгарт» (Германия) командалары бар.

Он алты команда сегіз жұп бойынша өзара мықтыны анықтайды. Жеңімпаз команда 1/8 финалға жолдама алады.

12 наурыз

«Болонья» (Италия) - «Рома» (Италия)

«Лилль» (Франция) - «Астон Вилла» (Англия)

«Панатинаикос» (Грекия) - «Бетис» (Испания)

«Штутгарт» (Германия) - «Порту» (Португалия)

«Сельта» (Испания) - «Лион» (Франция)

«Генк» (Бельгия) - «Фрайбург» (Германия)

«Ференцварош» (Венгрия) - «Брага» (Португалия)

«Ноттингем Форест» (Англия) - «Мидтьюлланн» (Дания).

Қарымта ойындар 18 және 19 наурызға белгіленген.

Ал негізгі кезеңде алғашқы сегіздікте болған «Олимпик Лион» (Франция), «Астон Вилла» (Англия), «Мидтьюлланн» (Дания), «Реал Бетис» (Испания), «Порту» (Португалия), «Брага» (Португалия), «Фрайбург» (Германия), «Рома» (Италия) командалары 1/8 финалға бірден жолдама алды.

Финал 20 мамырда Түркияның Ыстамбұл қаласындағы «Бешикташ» стадионында өткізіледі.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Реал Мадрид» «Манчестер Ситиді» ірі есеппен жеңді.