Футболдан Еуропа лигасы: «Барселона» сырт алаңда «Айнтрахтпен» тең түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA Еуропа лигасы 1/4 финалында Испанияның «Барселона» командасы 7 сәуірде Германияда «Айнтрахтпен» тең түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында екі команданың белсенділігі байқалып тұрды. Десе де неміс футболшылары гол соғу мүмкіндігін көбірек іздеді. Нәтижесінде олардың қатарынан Ансгар Кнауфф 48-минутта алыстан шірене теуіп, командасын алға шығарды. Оған 66-минутта испаниялық Ферран Торрес бір голмен жауап қайырды.

Сондай-ақ, дәл осы күні «Брага» (Португалия) мен «Рейнджерс» (Шотландия) 1:0 есебімен жеңсе, «Вест Хэм Юнайтед» (Англия) мен «Лион» (Франция), «РБ Лейпциг» (Германия) мен «Аталанта» (Италия) командалары 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Қарымта ойындар 14 cәуірде өткізіледі. Ал жартылай финал 28 сәуір мен 5 мамыр күндеріне белгіленген.

Финал 18 мамырда Испанияның Севилья қаласындағы «Рамон Санчес Писхуан» стадионында болады.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Чемпиондар лигасының 1/4 финалындағы алғашқы ойындар өткізілді.