Жеребе тарту рәсімі бүгін, 26 тамызда Түркияның Ыстанбұл қаласында өтті.
Командалар рейтингтегі орны бойынша төрт себетке бөлінген. 24 тамызда іріктеу кезеңі мәресіне жетті.
A тобы: «Арсенал» (Англия), ПСВ (Нидерланды), «Буде-Глимт» (Норвегия), «Цюрих» (Швейцария).
B тобы: «Динамо» Киев (Украина), «Ренн» (Франция), «Фенербахче» (Түркия), АЕК Ларнака (Грекия).
C тобы: «Рома» (Италия), «Лудогорец» (Болгария), «Бетис» (Испания), ХИК (Финляндия).
D тобы: «Брага» (Португалия), «Мальме» (Швеция), «Унион Берлин» (Германия), «Юнион» (Бельгия).
E тобы: «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Реал Сосьедад» (Испания), «Шериф» (Молдова), «Омония» (Кипр).
F тобы: «Лацио» (Италия), «Фейеноорд» (Нидерланды), «Мидтьюлланд» (Дания), «Штурм» (Австрия).
G тобы: «Олимпиакос» (Грекия), «Карабах» (Әзербайжан), «Фрайбург» (Германия), «Нант» (Франция).
H тобы: «Црвена Звезда» (Сербия), «Монако» (Франция), «Ференцварош» (Венгрия), «Трабзонспор» (Түркия).
Топтық кезеңнің ойын кестесі:
1 тур: 8 қыркүйек
2 тур: 15 қыркүйек
3 тур: 6 қазан
4 тур: 13 қазан
5 тур: 27 қазан
6 тур: 3 қараша
Финал 2023 жылдың 31 мамырында Венгрия астанасы Будапешт қаласындағы «Ференц Пушкаш» стадионында өтеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды.