НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Германия чемпионаты мамыр айының ортасында қайта жалғасады. Коронавирус пандемиясына байланысты Бундеслига ойындары кейінге шегерілген болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі лига сайтына сілтеме жасап.
Бундеслига басшылығы Еуропадағы жетекші саналатын ұлттық футбол лигалары арасында бірінші болып чемпионатты қайта жалғастыруға көңіл бөліп отыр.
Неміс футбол лигасы (DFL) бұдан бұрын барлық ойыншыға инфекцияға байланысты тұрақты тексеру жүргізілетінін жариялаған еді. Сондай-ақ, алдағы ойындар әзірге жанкүйерсіз өтеді.
Естеріңізге сала кетелік, Бундеслигада соңғы 25-тур ойындары 8 наурызда өтті. Қазір турнир кестесінде «Бавария» 55 ұпаймен көш бастап тұр. Одан кейінгі орындардағы «Боруссия» (Дортмунд) клубында - 51, «Лейпцигте» - 50 ұпайдан бар.
Бұдан бұрын футболдан Францияның ПСЖ командасы чемпион болып танылды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.