НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Испания чемпионатының қайта жалғасатын уақыты белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Доп додасы 11 маусымда жалғасын табатын болды. Бұл жөнінде Испания футбол федерациясының президенті Хавьер Тебас мәлімдеді. Чемпионатты қайта жалғастыруға ел үкіметі рұқсат етті.
Дәл сол күні «Севилья» мен «Реал Бетис» командалары кездеседі.
Естеріңізге сала кетелік, Испанияның жоғары біріншілігі - Ла лига ойындары 8 наурыздан кейін белгісіз мерзімге кейінге шегерілді.
Бүгінге дейін 27 тур өткізілді. Көш басында 58 ұпаймен «Барселона» командасы келеді. Одан кейінгі орындағы «Реал Мадрид» клубының 56, «Севильяның» 47 ұпайы бар.
Ал футболдан Германия біріншілігі қайта жалғасты.
Сондай-ақ, футболдан Францияның ПСЖ командасы чемпион болып танылды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.