НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Италия чемпионаты 20 маусымда қайта жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жөнінде Италияның спорт министрі Винченцо Спадафора мәлім етті.
Коронавирус инфекциясына байланысты бұл елде футбол ойындарын өткізу кейінге шегерілген болатын. А сериясында 26-тур ойындары 9 наурыз күні өткізілді. Командалар алдағы уақытта 12 ойын өткізуі тиіс.
Қазір А сериясында 26 ойыннан кейін «Ювентус» 63 ұпаймен көш бастап келеді. Одан кейінгі орындағы «Лацио» клубының еншісінде - 62, «Интердің» 54 ұпайы (25 ойыннан кейін) бар.
Ал футболдан Англия Премьер-лигасы 17 маусымда қайта жалғасады.
Сондай-ақ. футболдан Испания чемпионаты 11 маусымда жалғасады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.