Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Қырғызстан командасымен екі рет кездеседі

Фото: Фото: Қазақстан футбол федерациясы

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы мамыр айында Қырғызстанмен екі жолдастық кездесу өткізеді.

Қазақстандық футболшылар аталған қарсыласымен Алматы қаласында 25 және 28 мамыр күндері ойнайды. Басталуы Қазақстан уақытымен 15:00-ге белгіленген.

Ойындар «QazSport» телеарнасы мен KFF YouTube-арнасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.

23 мамыр күні Қазақстан ұлттық құрамасы Алматыдағы «Қайрат» ФК базасында оқу-жаттығу жиынын бастайды.

Ел құрамасы Ұлттар лигасы С дивизионы үшінші тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары - Армения, Люксембург және Лихтенштейн.

Алғашқы екі ойында қазақстандық футболшылар Арменияға 0:2 есебімен жеңілсе, одан кейін Люксембургпен 2:2 есебімен тең түсті. Ал үшінші турда Лихтенштейнді 4:0 есебімен тізе бүктірсе, төртінші турда 3:2 есебімен басым түсті.

Айта кетсек, Қазақстан әйелдер құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында шешуші екі ойынын өткізеді. Алдымен 30 мамырда Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді қабылдаса, араға үш күн салып Люксембургпен кездеседі.