Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының алдағы ойындарына кімдер қатысады

АСТАНА. KAZINFORM -Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2027 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындықты бастады.

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстандық футболшылар жарыстың бұл кезеңінде Армения мен Беларусьпен шеберлік байқасады. Ойындар наурыз, сәуір және маусым айларында өтеді.

Жақында ұлттық құрама тізгінін қолына алған отандық маман Бегайым Қырғызбаева алғашқы оқу-жаттығу жиынына 27 футболшыны шақырды.

Қазақстан әйелдер құрамасы 

Қақпашылар: Ангелина Портнова («Астерас Триполис», Грекия), Назым Исмайлова («БИІК-Шымкент»), Виктория Зейнали («Елімай»).

Қорғаушылар: Александра Бурова, Бибігүл Нұрышева (екеуі де – «БИІК-Шымкент»), Анастасия Власова («Ақтөбе»), Қазына Нұрбаева («Гурник Ленчна», Польша), Томирис Рахатжан («Қайрат»), Александра Набокова («Шахтер»), Кристина Шустова («Елімай»), Аделия Бекқожина («Жеңіс»), Анель Бланк («Қызыл-Жар»), Анеля Сұңқарова («Астана»), Анеля Берікова («Будучность», Черногория).

Жартылай қорғаушылар: Ксенья Хайрулина, Эльмира Абдулаева (екеуі де – «Қайрат»), Карина Жұмабайқызы («Ақтөбе»), Адина Бейбут («Астана»), Анастасия Низамутдинова («Енисей», Ресей).

Шабуылшылар: Аида Гайстенова, Әселхан Тұрлыбекова, Екатерина Бабшук (бәрі – «Ақтөбе»), Назым Алданазар, Полина Тучина (екеуі де – «Қайрат»), Анеля Мамырова, Фатима Сатығалиева (екеуі де – «Елімай»), Амина Бибосынова («Турбине Потсдам», Германия).

Отандастарымыз 3 және 7 наурыз күндері елордадағы «Астана Аренада» Армения және Беларусь құрамаларымен жасыл алаңға шығады.