АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық футбол федерациясының ресми сайты әйелдер құрамасының жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан әйелдер құрамасы жаңартылған рейтингте екі сатыға жоғарылады. Олар бұдан бұрын 101-орында тұрған еді.
Енді 99-орынға көтеріліп, 1205.62 ұпайды еншіледі.
Бұл көрсеткіші бойынша рейтингте Эстония(98-орын, 1211.02 ұпай) және Фарер аралдары (100-орын, 1201.16 ұпай) қатар тұр.
Рейтингтің көш басында АҚШ әйелдер құрамасының еншісінде 2090.03 ұпай бар.
Еске салсақ, футболдан Қазақстан жастары Молдовамен жолдастық кездесу өткізеді.
Еліміздің 18 және 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер және жастар құрамалары Молдовада жолдастық кездесу өткізеді. Бұл ойындар 14-19 маусым аралығына жоспарланған.
Қазақстандық футболшылар Молдова жасөспірімдер құрамасы және «Шериф» жастар командасымен жолдастық матч өткізеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.